Ауыл шаруашылығы саласында келесі проблемаларды шешу болжанады:
Балқаш-Алакөл бассейнінде ауылшаруашылық дақылдар үшін суармалау және су бөлу нормаларын төмендету жөніндегі ұсыныстар дайындау;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына Балқаш-Алакөл бассейні экологиялық жағдайының әсер етуіне бағалау жүргізу;
су алуда балық сақтауыш құрылғы жұмысының тиімділігін көтеру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Балқаш-Алакөл өңірінде ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамыту және орналастыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
5.3 Әлеуметтік-демографиялық жағдай мен халықтар денсаулығын жақсарту
Балқаш-Алакөл өңірі - қоршаған ортаның сапасын және тұрақтылығын жақсартуға кешенді тұрғы негізінде орнықты әлеуметтік-демографиялық дамыту және халықтар денсаулығын жақсарту саясатын іске асырудың алғашқы тиімді мысалы болуы керек.
Демографиялық көрсеткіштерді жақсарту - жалпы және сәби өлімін төмендету, фертильді және туу көрсеткішін тұрақтандыру - келесі негізгі шаралар есебінен қол жеткізу керек:
Балқаш-Алакөл бассейнінде халықтар денсаулығының төмендеу тенденциясына антропогендік факторлардың әсерін зерттеу және бағалау;
Балқаш-Алакөл бассейні өңірінде экологиялық-шарттылық патологияның алдын алу және терапия.
5.4. Орнықты халықаралық ынтымақтастық және трансшекаралық проблемаларды шешуін қамтамасыз ету
Трансшекаралық су объектілерінің өзара қарым-қатынастары саласында халықаралық-құқықтық реттеу тиімділігін көтеру бассейннің маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Өңірде орнықты әлеуметтік-экономикалық даму және тұрақты экожүйені құру негізі - Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы арасында келісілген, ортақ стратегияны дамыту мен орындауды реттейтін елдердің заңдылық міндеттері бар, су ресурстарын реттеу, басқару және қолдану үшін халықаралық келісім-шарттың бар болуы қажет.
Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесі мүшелері арасында екі және көп тарапты Бассейндік келісім жобасын әзірлеу және келісу.
Бассейннің экожүйесін қолдау және сақтау үшін табиғатты тиімді пайдалану саласында ұлттық заңнаманы үйлестіру мәселесін халықаралық конференцияларда талқылау және ақпаратпен алмасу қажет.
5.5. Бассейнді басқару жүйесін құру
Институтционалды негіздер. Аумақтық даму, аумақты дамытуды қаржыландыру мәселелерінде үйлестіру, өңіраралық және салааралық өзара қызмет етуді қамтамасыз ету мақсатында, орнықты даму саласында өкілетті органды белгілеу жөніндегі мәселе қарастырылуы қажет.
«Бассейндік басқару органы туралы ереже» жобасына халықаралық сараптама өткізумен бассейндік қағида бойынша экожүйелік басқаруды енгізу мүмкіндігін пысықтау.
Нормативті құқықтық және әдістемелік негіз. Ысырапты, тиімсіз табиғат пайдаланудың алдын алу мақсатында бірқатар нормативті құқықтық және әдістемелік құжаттарды әзірлеу және қабылдау:
Балқаш-Алакөл бассейнін дамыту сценарийін бағалау үшін орнықты дамудың бассейндік және салалық индикаторлар жүйесін;
Отандық өндірушілердің ISO-9000 және ISO-14000 сериялы халықаралық стандарттарға көшуін ынталандыру жолымен экологиялық стандарттау және нормалау институтын нығайту.
Басқарудың қазақстандық тәжірибесіне бассейндік басқару және инвестициялық саясат әдісімен байланысқан техникалық нормалау негізінде, су бассейндерінің экологиялық жағдайының кезеңдік мақсатты көрсеткіштерінің әдістемесін және төгінділерді нормалау әдістерін және инвестицияларды жоспарлауды енгізу қажет. Су сапасын жақсартуға халықаралық нормаларды ескере отырып, жаңа стандарттарды (су объектісіне шартты-рұқсатты әсер ету) енгізуді қажет.
Бассейнді экожүйелік басқаруда ғылыми-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету. Өңірде қоршаған ортаны қорғау, су ортасының ластануы адам және ауылшаруашылық жануарлар ағзасына әсер етуін бағалау, ақпараттың сенімділігі, нақтылығы және анықтылығына бақылау әдісі енгізіледі. Барлық табиғат пайдаланушыларды бірыңғай ақпараттық жүйемен қамту - міндетті шарт болып табылады.
Бассейнді ықпалдастыра басқаруда ғылыми-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру үшін:
Балқаш-Алакөл бассейнінің рекреациялық әлеуетін кешенді игерудің ғылыми негізделген сызбасы;
климаттың өзгеру жағдайында ағынның қалыптасу аймағында қарлы-мұзды ресурстарын бағалау;
Іле өзенінің атырауының экожүйесіне зерттеулер жүргізу және Іле атырауындағы биоалуан түрлілікті сақтау және қайта жаңғырту жөніндегі кешенді шараларды әзірлеу.
Тентек өзені, Алакөл және Сасықкөл көлдерінің экожүйесін қайта қалпына келтіру және атырауын дамыту негізі жөнінде зерттеу жүргізу;
Балқаш-Алакөл өңірі экожүйесінің орнықтылығын көтерудің ғылыми негізін әзірлеу;
тазалау имараттарын және өзге іс-шаралардың орналасуын ғылыми-негізделген негізде "Сарыбұлақ" жинақтағышының деңгейін тұрақтандыру;
«Қазақмыс» Ұлттық Акционерлік Компаниясын қоса, өндірістік кәсіпорындардан зиянды әсерді қысқарту жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
Балқаш-Алакөл бассейнінде экологиялық туризмді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
Балқаш-Алакөл бассейні аумағында табиғи-ресурстық әлеуетті және экологиялық ахуалды картасын әзірлеу үшін ғылыми негіз құру;
геотермалдық суларды пайдалану жолдарын кеңейту.
Қоршаған ортаның мониторинг жүйесін жетілдіру және құру. Экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін шешілетін табиғат қорғау міндеттеріне және қоршаған ортаның жағдайына қадағалау негізінде қалыптасатын, қоршаған орта жағдайының талап ету деңгейінде шұғыл нақты тұтас суреті, яғни қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингі, сонымен қатар жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестерді қоса, жер қойнауының мониторингі болуы керек.
Бассейннің гидрометеорологиялық мониторингі және бассейннің қоршаған орта мониторингі, Балқаш-Алакөл бассейнінің қарлы-мұзды ресурстарының мониторингі, бассейндегі трансшекаралық өзендерінің ҚХР-мен біріккен мемлекетаралық өңірлік мониторингін жүйесін қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады. Қоршаған ортаның мониторингін өңірлік деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ету.
Табиғат пайдалану саласында жұртшылықты насихаттау және ақпараттау. Бағдарлама саясатын іске асыру бұқаралық ақпараттар құралын және жұртшылықтың және тұрғындардың кең саласын қатыстырумен су ресурстарын ықпалдастыра басқару жөніндегі ғылыми-техникалық іс-шаралар, форумдар, насихаттауды жүргізуді тиісті ұйымдастырушылықты талап етеді.
Экологиялық ағарту саласында экологиялық білім беру және тәрбиелеу жүйесінің негізін құру арнайы ғылыми-белгілі кітапша, газет, журналдар, электрондық сайттар және өзгелерді шығару мен тарату, тұрғындарды әсіресе, әйелдер, жастар мен табиғат пайдаланушылар ұйымдарын табиғи ресурстарды басқару, қалдықтарды жинау, рециркуляциялау және жоюды басқаруға қатысуын ынталандыру.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Кешенді Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін едәуір капитал салу және материалды-техникалық шығындар қажет. Қаржыландыру көзі республикалық және қызмет етіп отырған субъектілер қаражатына, табиғат пайдаланушы-кәсіпорындардың өз қаражаттарынан, халықаралық донор-елдердің гранттары және өзге де Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған көздерінен қаржыландырылатын болады.
Қаражат бөлу барлығы 215,3 млн. теңге мөлшерінде көзделеді, соның ішінде:
2007 жылы - 26,0 млн. теңге;
халықаралық гранттар:
2007 жылы - 64,3 млн. теңге;
2009 жылы - 35,0 млн. теңге;
кәсіпорындар қаржысы:
2007 жылы - 30,0 млн. теңге;
2008 жылы - 30,0 млн. теңге;
2009 жылы - 30,0 млн. теңге.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны іске асыру бассейндік қағида тетігі бойынша пысықтау және жетілдіруге мүмкіндік береді және мыналар қамтамасыз етіледі:
экология және табиғатты пайдаланушылар саласында халықаралық стандарттарға көшу бөлігінде Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауындағы тапсырмаларды орындау;
Балқаш-Алакөл бассейнінің негізгі ағыстарының экологиялық және әлеуетті бос ағысының ғылыми негіздемелік жолымен Балқаш-Алакөл бассейнінің экожүйесін сақтау үшін жағдай жасау;
Балқаш-Алакөл бассейнінің қазіргі заманғы талаптарына және әлеуметтік-экономикалық қажеттілігіне сәйкес табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауды ықпалдастыра басқару моделін енгізу;
Қырғыз Республикасымен, Қытай Халық Республикасымен және өзге де мүдделі тараптармен Балқаш-Алакөл бассейнінің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және экожүйесін сақтау жөніндегі Бассейндік Келісімдер жасасу;
мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және табиғатты пайдаланушылар арасында әріптестіктің тиімді тетігін құру;
Балқаш өзенінің гидрологиялық режимін және су деңгейін - 342 м белгісінде тұрақтандыру, экожүйені сақтау және су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін жоғарылату;
өңірдегі әлеуметтік-демографиялық ахуалын 1 туған балаға 5-6 өлі туу деңгейіне дейін төмендету есебінен жақсарту;
халық денсаулығының ахуалын жақсарту, еңбек ресурстарының сапасын және адами әлеуетті дамыту деңгейін жоғарылату.
ҚР Үкіметінің 2008.30.07. № 723 Қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. «Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары