Ескертпелер:
Осы норма бойынша әскери бөлімдер (бөлімшелер) далалық жағдайларда орналасқан кезде қамтамасыз етіледі:
жауынгерлік даярлық үдерісінде (далалық оқу-жаттығулар мен шығулар, лагерьлік жиындар, тәуліктік демалумен ұзақ марштар кезеңіне);
апаттар мен зілзала, төтенше жағдай, қарулы жанжалдар аймақтарындағы салдарды жою жөніндегі міндеттерді орындау кезінде;
өзге де төтенше жағдайларда, сондай-ақ әскерлердің тұрақты орналасу пункттерінен кетуімен байланысты басқа да міндеттерді орындау кезінде;
Мемлекеттік шекараны орналастыру жөніндегі міндеттерді орындайтын инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері.
40 орынды шатыр орнына УСБ-56 шатырын (бірегейлендірілген санитарлық-барактық), 20 орынды шатыр орнына УСТ-56 шатырын (бірегейлендірілген санитарлық-техникалық), УЗ-68 шатырын (бірегейлендірілген қысқы), УЛ-68 шатырын (бірегейлендірілген жазғы), лагерьлік шатырды және қосалқы мақсаттағы шатырды беруге рұқсат етіледі.
Авиациялық бөлімдердің әскери қызметшілерін далалық әуеайлақта орналастырған кезде шатырлармен қамтамасыз ету мынадай болып жүргізіледі:
ұшқыштар үлесі бойынша әскери қызметшілер тамақтанатын асхана - 20 орынды 1 шатыр;
инеженерлік-техникалық үлес бойынша әскери қызметшілер тамақтанатын асхана - 40 орынды 1 шатыр;
жалпы әскери үлес бойынша әскери қызметшілер тамақтанатын асхана - 40 орынды 1 шатыр;
транзиттік ұшқыштар құрамына арналған бөлме - 20 орынды 1 шатыр;
кезекші экипаждар бөлмесі - лагерьлік 1 шатыр;
әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі кезекшінің бөлмесі - лагерьлік 1 шатыр;
ұшқыштар құрамын даярлау сыныбы - 20 орынды 1 шатыр;
іздеу-құтқару қызметі бөлмесі - 20 орынды 1 шатыр.
Авиациялық бөлімдер үшін далалық лагерьдің қалған элементтерін қамтамасыз ету (шатырлармен қамтамасыз ету) Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері сияқты жүргізіледі.
Далалық жағдайларда ресми делегацияларды қабылдау үшін шатырлық кешен сатып алуға рұқсат етіледі. Шатырлық кешеннің құрамы және дизайндық безендірілуі өткізілетін іс-шараларға байланысты өзгертілуі мүмкін.
Пайдалану мерзімі өткен, одан әрі пайдалануға жарамсыз шатырлар есептен шығарылмайды және толық тозғанға дейін пайдаланылады. Іс жүзінде пайдалану туралы деректер шатырдың паспортында жазылады.
1. Офицерлерді, әскери қызметші әйелдерді, «Жас ұлан» РМ тәрбиеленушілерін және жиындарға тартылатын запастағы офицерлерді 40 орынды шатырда бір қатарға 20 адамнан оналастыруға рұқсат етіледі.
2. Бір 40 орынды шатыр орына екі 20 орынды шатыр беруге рұқсат етіледі.
Әскери бөлімдер мен мекемелерді ескі заттармен жабдықтаудың
№ 60 нормасы
Ескертпелер:
Ескі заттармен жабдықтау автомобиль (броньды танк) техникасының 1 бірлігіне килограммен жүргізіледі.
Жабдықтау үшін киім-кешек мүлкін сөгуден және басқа да материалдық құралдардан алынған ескі зат пайдаланылады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 417 Қаулысымен № 61 норма өзгертілді (бұр.ред.қара)
Әскери бөлімдер мен мекемелерді Жауынгерлік Тулармен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қарулы Күштері Бас штабы бастығының үшкіл жалауымен жабдықтаудың
№ 61 нормасы
ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 417 Қаулысымен ескертпе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ескертпе:
Жауынгерлік Туларды және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қарулы Күштері Бас штабы бастығының үшкіл жалауын жасау және әскери бөлімдерге тапсыру тәртібін Қорғаныс министрі мен Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бірінші басшылары айқындайды.
2. Әскери қызметшілерге заттай мүліктің жекелеген заттарын берудегі қажеттілікті айқындау үшін Қазақстан Республикасының климаты суық, қалыпты және ыстық аудандар тізбесі
1. Климаты суық аудандар:
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары. Балқаш көлінен солтүстікке қарай және Алакөл көлінен шығысқа қарай (Іле, Қаратал, Бөрілітөбе, Алакөл аудандары) орналасқан Алматы облысының аумағы.
2. Климаты ыстық аудандар:
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары. Балқаш көлінен оңтүстікке қарай орналасқан Алматы облысының аумағы, сондай-ақ Қарағанды облысының Жезді және Приозерск аудандары. Каспий теңізі ауданы.
3. Климаты қалыпты аудандар:
Осы тізбеге сәйкес климаты ыстық және суық аудандарға жатқызылмаған Қазақстан Республикасының барлық жергілікті жерлері.
Әкімшілік-аумақтық бөліну өзгерген (қысқартылған, қайта аталған, біріктірілген, жаңа әкімшілік бірліктер құрылған) кезде жабдықтау нормалары осы Тізбемен белгіленген шекаралар шегінде қолданылады.
3. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер запасқа шығарылған кезде берілетін заттай мүлік заттарының тізбесі
Ескертпелер:
* Аэроұтқыр әскерлерінің, теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының сарбаздары мен сержанттарына іштен киетін жейде (футболка) орнына тельняшка беруге рұқсат етіледі.
1. Тек Аэроұтқыр әскерлерінің, теңіз жаяу әскерлері бөлімдерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының сарбаздары мен сержанттары үшін.
2. Қысқы уақытта беріледі.
3. Жазғы уақытта іш киім орнына футболка мен трусы беріледі.
4. Жазғы уақытта тельняшка мен кальсон орнына жеңсіз тельняшка мен трусы беріледі.
4. Әскери киім нысаны заттарының жиынтығына кіретін фурнитура тізбесі
Ескертпелер:
* Осы фурнитура заттары әскери қызметшінің жеке пайдаланатын мүлкін есепке алу карточкасына жазумен бір уақытта беріледі. Орта (жоғары) әскери оқу орнын бітіргені туралы кеуде белгісі және Кадет корпусын («Жас ұлан» РМ) бітіргені туралы кеуде белгісі оқу орнын бітіргеннен кейін бір рет беріледі. Сыныптылық кеуде белгісі әскери қызметшіге бірінші және кезекті сыныптылықты беру жүйелігімен беріледі.
1. Фурнитураны беру киім нысанының тиісті затына оны кию мерзіміне жүзеге асырылады және арматуралық карточкаға енгізбей есепке алу кітабынан тікелей шығыс ретінде есептен шығарылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 27 қарашадағы
№ 1125 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері
мен әскери құралымдарын бейбіт уақытқа арналған ветеринарлық
мүлікпен жабдықтау нормалары
1. Жалпы нұсқау
1. Қалыпты мөлшердегі малдәрігерлік бұйым әскери бөлімдерге, мекемелерге штаттың табеліне сәйкес жіберіледі.
2. Жұмсалу мүлігінің жіберілу мөлшері жылдық қажеттілікке есептелінген, ал инвентарлы мүлік - есептелінген. Есепті мүліктің толтырылуы оның пайдалануына немесе орнатылған тәртіп бойынша жарамсыздануымен орындалады. Жұмсалатын мүлік фактический қажеттілігі орнатылған мөлшері аумағындағы есебімен қажеттелінеді.
3. Әскери бөлімдерде, мекемелерде мүліктің жұмсалу қажеттілігі төмендегімен анықталады:
1) 50 басқа дейін жануарлар құрамындағы 1-3 мөлшер бойынша үлестегілерге 50% сәйкес мөлшері, 50 бастан жоғары - 100% мөлшер аударылады;
2) 100 және 250 басқа дейінгі жануарлар құрамындағы 4 және 5 мөлшері бойынша үлестегілерге 50% сәйкес мөлшері, 250 бастан жоғары - 100% мөлшер аударылады (100 басқа дейінгі жануарлар құрамы есепке қабылданбайды);
3) 200 және 500 басқа дейінгі құстар құрамындағы 6 мөлшер бойынша үлестегілерге 50% мөлшерінде, 500 бастан жоғары - 100% мөлшерінде аударылады (200 басқа дейінгі құстар саны есепке қабылданбайды).
4. Малдәрігерлік құрамы жоқ әскери бөлімдердегі және мекемелердегі жануарлар мен құстарды бақылау мақсатында, малдәрігерлік мекемелер мен дәрігерлер № 1-6 мөлшер бойынша қосымша мүлік қолданып, алады.
5. Биологиялық препараттар, сонымен қатар, жабдықтау мөлшерлеріне қосымшада аталынған малдәрігерлік мүліктер, алдын-алу және эпизоотикалыққа қарсы шаралардың жоспарына сәйкес нақты қажеттілігі бойынша қолданылады.
6. Жаңа препараттар, құрал-саймандар, аспаптар мен аппараттар мүліктің қажеттілігін ұқтыру негізінде орнатылған тәртіп бойынша қолданылады. Жарамдығы қысқа мерзімдегі жеке препараттар даярлауды орталықсыздандыруға жіберілген есепке алынады.
7. Киім-кешек мүлігінің заттары (арнайы киім, арнайы аяқ-киім, санитарлы-гигиеналық киім және аяқ-киім және сақтаушы құралдар) киім- кешек үлесінің мөлшеріне сәйкес бөлімдердің, мекемелердің малдәрігерлік құрамы штатының есебінен қолданылады.
8. Мүлік есеп белгілері мен шығару тәртібі бойынша шығымды және инвентарлы болып бөлінеді.
Шығымды мүлікке бір қолданғаннан шығымданатын (медикаменттер, реактивтер, биологиялық препараттар, орап-таңу заттары және басқалар) заттар немесе қысқа мерзімде қолданудан жарамсызданатын (шприцтерге арналған инелер, хирургиялық инелер, резеңке қол қаптар, тығындар, лабораториялық ыдыс-аяқ) заттар жатады.
Инвентарлы мүлікке көп қолданылатын (құрал-саймандар, аппараттар, приборлар және басқалар) заттар жатады.
2. Емдік-алдын-алу жұмыстары үшін медикаменттермен,
дезинфекциялық және басқада заттармен, орап-таңу
бұйымдарымен қамтамасыз ету мөлшері