«2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 23-8қ Қаулысы (күші жойылды)

2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Астана қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 23-8қ Қаулысы

 

Астана қаласы Әкімдігінің 2008.08.01. № 23-6қ қаулысымен күші жойылды

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2007 жылы жұмыссыздар мен оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі бекітілсін.

2. «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдері «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, 2007 жылы қолайлы жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.

3. Ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылатын жұмыссыздардың және оқитын жастардың еңбекақы төлемі 2007 жылға белгіленген ең төменгі еңбекақыдан төмен емес айлық еңбекақы мөлшерінде осы кәсіпорындағы немесе ұйымдағы баға бойынша нақты орындалған жұмысқа жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.

4. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесі халықты, сондай-ақ қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарын қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы, өткізілуі және олардың төлем ережесі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.