«2006 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау және оларды жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету шаралары туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 23-6-28қ Қаулысы (күші жойылды)

«2006 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау және оларды жұмыспен
қамтылуына және әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету шаралары туралы»
Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 23-6-28қ Қаулысы

 

Астана қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 23-9қ Қаулысыменкүші жойылды

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Халықтың нысаналы топтары болып мына санаттар анықталсын:

1) аз қамтылғандар;

2) 21 жасқа дейінгі жастар;

3) балалар-үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;

4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5) Қазақстан Республикасының»заңнамаларында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;

6) жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға (екі жыл қалған зейнеткерлік жасына дейінгі) тұлғалар;

7) мүгедектер;

8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10) оралмандар.

2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент):

1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын;

2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;

3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың»жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.

3. Жұмыс берушілер:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.