«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын кию және айырым белгілерін тағу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 9 Бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын кию және айырым белгілерін тағу Ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 9 Бұйрығы

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 35 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын кию және айырым белгілерін тағу Ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті департаменттерінің, бас басқармалары мен басқармаларының бастықтары әскери қызметшілердің Ережелерді сақтауын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылының бастығы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасының бастығымен бірлесе отырып, Ережелерді 3277 дана тиражымен жеке кітап етіп шығаруды қамтамасыз етсін және Ережелерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5. Қарулы Күштерде осы бұйрықтың орындалуын бақылау Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарына, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда - бірінші басшылардың шешімі бойынша жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.