«Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемелекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені»
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мүліктік кешенін коммуналдық меншікке алу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 6/1070 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы кейбір ұйымдарды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы» № 158 қаулысын орындау үшін Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласының Қаржы департаменті (А. Н. Әбдіқадырова) «Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мүліктік кешенін (бұдан әрі - «Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемелекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені» РМҚК) Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылдасын.