«Жамбыл атындағы Мемлекеттік республикалық жасөспірімдер кітапханасы»
Мемлекеттік мекемесін коммуналдық меншікке алу туралы
Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 6/1140 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 14 наурызындағы № 158 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы кейбір ұйымдарды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы» қаулысын орындау үшін Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Алматы қаласының қаржы департаменті (А.Н. Әбдіқадырова) Алматы қаласының коммуналдық меншігіне «Жамбыл атындағы Мемлекетгік Республикалық жасөспірімдер кітапханасы» Мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі «Жамбыл атындағы Мемлекеттік Республикалық жасөспірімдер кітапханасы» ММ) қабылдасын.