Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы
пайдалымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын
ұйымдастыру туралы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19
сәуірдегі № 165-І бұйрығы
Осы редакция 2007 ж. 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
| Келісілген: |
|
|
| Келісілген: |
| Қазақстан Республикасының |
|
| Қазақстан Республикасының |
| Ішкі істер министрі |
|
|
| төтенше жағдайлар жөніндегі |
| _________________________ |
|
|
| агенттігінің төрағасы |
| 2004 жылғы 17 сәуір |
|
|
|
|
| _________________________ |
2004 жылғы 15 сәуір
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінің 16-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының алып жүру қабілетін жоғалтуына байланысты бұйырамын:
1. Халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушылардың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автокөлік құралдарын қоспағанда, жеке оське 8 тоннаға дейін жүктемесі бар автокөлік құралдарының қозғалысына Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында уақытша шектеулер енгізілсін.
2. Қозғалысты уақытша шектеулердің қолданылу мерзімі жыл сайын IV жол-климаттық аймаққа - 23 наурыздан бастап 15 мамырды қоса алғандағы тиісті жылға, V жол-климаттық аймаққа - 1 наурыздан бастап 20 сәуірді қоса алғандағы тиісті жылға белгіленсін (1-қосымша).