«Алматы қаласы ішкі істер департаменті басшылығының қылмыспен күрес және құқық тәртібін нығайту жөніндегі ұйымдық жұмысы туралы »Алматы қаласының әкімдігінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 8/1467 Қаулысы

«Алматы қаласы ішкі істер департаменті басшылығының  қылмыспен күрес және құқық тәртібін
нығайту жөніндегі ұйымдық жұмысы туралы »
Алматы  қаласының әкімдігінің 2006  жылғы 1 желтоқсандағы № 8/1467 Қаулысы

 

Алматы қаласы ішкі істер департаменті бастығы Е.З.Тұрғұмбаевтын «Алматы қаласы ішкі істер департаменті басшылығының қылмыспен күрес және құқық тәртібін нығайту жөніндегі ұйымдық жұмысы туралы» баяндамасын және қала прокурорының бірінші орынбасары Н.М.Әбдіровтың сөзін тыңдап және талқылай келіп Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы ішкі  істер  департаменті бастығы Е.З.Тұрғұмбаевтың «Алматы қаласы ішкі істер департаменті басшылығының қылмыспен күрес және құқық тәртібін нығайту жөніндегі ұйымдық жұмысы туралы» баяндамасы мәліметке алынсын.

2. Алматы қаласы ішкі істер департаменті бастығы Е.З.Тұрғұмбаевқа  тапсырылсын:

1)  Алматы қаласы ішкі істер департаментінің 2006 жылғы жұмыс қортындысы бойынша жедел кеңесте қылмыспен күрес және   қылмысты ашудағы төменгі көрсеткіші бар орталық аппараты бөлімшелері, аудандық ішкі істер басқармалары басшыларының есептерін тыңдасын;

2) қылмыстың ауыр түрлерінің өсу және  оны ашу көрсеткіштерінің төмен себептеріне талдау жасасын. Қылмыстың ауыр түрлері  мен  оны  ашу жағдайы  жөніндегі  жұмысты  ұйымдастыруды зерттесін;

3) қылмысты ашу деңгейін және қылмысты істерді іздестіру сапасын арттыру жолымен қылмыстан қашып құтыла алмайтын  қағиданың толығымен жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін;

4) қылмысты ашуға жауапты ішкі істер органдарының қызметтері мен бөлімшелерінің өзара бірлесіп әрекет ету деңгейін арттырсын, оны жүзеге асыру жолдарын белгілесін;

5) тонау, қастандық және басқаның мүлкін ұрлау қылмыстарын ашуға бағытталған ұйымдық-практикалық шараларды қолдансын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.