«Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағын беру ережесі туралы»
III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIV сессиясының
2005 жылғы 6 маусымдағы № 14/7 шешімі
(2007.15.02. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ереже бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды бюджет және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді.
4. Шешім 2005 жылғы 1 шілдеден бастап іске қосылады.
Сессия төрағасы
Қалалық мәслихаттың хатшысы