(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Предыдущая страница

5 тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi

5. Жеке тұлғаларға тұруға арналған тұрғын үй құрылысы үшiн не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық тұрғын үй заемы мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:

1) ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша ай сайынғы төлемдер сомасының (негiзгi борыш және ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша сыйақы төлемiн қосқанда) заемшының ай сайынғы жиынтықты кiрiс сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) қатысы оның ай сайынғы жиынтықты кiрiсiнiң (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) 35 процентiнен аспаған жағдайда. Жекелеген жағдайларда коэффициент 45 процентке дейiн түзетiлуi мүмкiн, егер осы көрсеткiшке сәйкес ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша төлемдер жасау кезiнде заемшының әрбір отбасы мүшесi үшiн Астана және Алматы қалаларындағы кiрiстер 15 000 теңгеден кем емес, ал басқа аймақтар бойынша 10 000 теңгеден кем емес, ал 15 жастан төмен балалар үшiн - аталған сомалардың жартысынан кем болмаған талаптар бойынша;

2) заемшының ай сайынғы мiндеттемелерiнiң жалпы сомасының (Қазақстан Республикасының заңнамаларында және шарттарында көзделген заемдар, мүлiк салығы, жылжымайтын мүлiктi сақтандыру жөніндегі ай сайынғы төлемдер, жеке сақтандыру және азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру, басқа да реттi мiндеттi төлемдердi қосқанда) ай сайынғы жиынтықты кiрiстер сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) қатысы оның ай сайынғы жиынтықты кiрiстер сомасының (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) 40 процентiнен аспаған жағдайда. Жекелеген жағдайларда коэффициент 50 процентке дейiн түзетiлуi мүмкiн, егер осы көрсеткiшке сәйкес ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша төлемдер жасау кезiнде заемшының әрбір отбасы мүшесi үшiн Астана және Алматы қалаларындағы кiрiстер 15 000 теңгеден кем емес, ал басқа аймақтар бойынша 10 000 теңгеден кем емес, ал 15 жастан төмен балалар үшiн - аталған сомалардың жартысынан кем болмаған талаптар бойынша;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) Қосалқы заемшыны тартқан жағдайда осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген коэффициенттер заемшы мен қосалқы заемшының жиынтықты кiрiстерi мен шығыстарынан есептеледi. Заемшының жұбайы немесе зайыбы және баласы, қызы, анасы, әкесi, туған аға-iнiлерi және қарындастары оған қосалқы заемшы бола алады.

Қамтамасыз ету құны (кепiл) ең аз дегенде мынадай екi себеп бойынша белгiленедi: жылжымайтын мүлiктi сату бағасы немесе осы мүлiктiң "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленетiн бағалау құны.

6. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингi болса, онда тәуекел дәрежесi бойынша банк активтерiн саралау кезiнде бағалы қағаз рейтингiн ескеру қажет.

7 тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi

7. Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес рыноктық тәуекелдi ескере отырып, активтердiң, шартты және мүмкiн талап етулер мен мiндеттемелердiң есебiне енгiзiлген активтер валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарының есебiне енгiзiлген активтерден басқа кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланатын активтердiң, шартты және мүмкiн мiндеттемелердiң есебiне енгiзiлмейдi.

8. "Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры" акционерлік қоғамы ұсынып отырған сипаттамалар мен талап етулерге жауап беретiн, жеке тұлғаларға берiлген ипотекалық тұрғын үй заемы, оның iшiнде ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының қамтамасыз ету құнына қатысының өсу мөлшерi 85 проценттен аспайтындар және сақтандыру ұйымы не бастапқы кредитор болып табылатын, банкпен айрықша қатынаста байланысы жоқ заңды тұлға сақтандырған (кепiлдiк берген) кредиттiк тәуекелi ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының қамтамасыз ету құнына қатысының өсу мөлшерi 70 процент болатындары тәуекел дәрежесi бойынша сараланады - ол осы Қосымшаның 43 және 44 жолдары қолданысқа енгенге дейiн 50 процент.

 

Екiншi деңгейдегi банктер

                                    үшiн пруденциалдық нормативтер

                                        бойынша есеп айырысудың

                                    нормативтiк мәнi мен әдiстемесi

                                    туралы нұсқаулықтың 2-қосымшасы

 

Банктiң тәуекел дәрежесi бойынша өлшенген

шартты және ықтимал мiндеттемелер кестесi

 

 

Кредит тәуекелiнiң дәрежесi бойынша өлшенген

банктiң шартты және ықтимал мiндеттемелерiнiң

есебiне түсiнiктемелер

 

Болашақта салымдар мен заемдарды орналастыру-алу бойынша, бағалы қағаздар мен қаржы фьючерстерiн сатып алу-сату бойынша, және валюталық құндылықтарды сатып алу-сату бойынша есепшоттар бөлiгiнде, баланстан тыс мiндеттемелердiң тәуекел дәрежесiн белгiлеген кезде есепке ағымдағы және одан кейiнгi екi ай iшiнде туындауы мүмкiн мiндеттемелердi қабылдау қажет.

2 абзац 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi  (орыс тіліндегі мәтінін қара)

Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес рыноктық тәуекелiн ескере отырып шартты мен ықтимал талаптары және мiндеттемелерiнiң активтер есебiне енгiзiлген шартты және ықтимал мiндеттемелер валюталардың айырбастау бағамдарының және қымбатты металдар бағамдарының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелмен қаржы құралдарының есебiне енгiзiлген шартты және ықтимал мiндеттемелердi қоспағанда кредит тәуекелiнiң дәрежесi бойынша өлшенген шартты және ықтимал мiндеттемелерiнiң активтер есебiне енгiзiлмейдi.

 

                                      Екiншi деңгейдегi банктер

                                    үшiн пруденциалдық нормативтер

                                        бойынша есеп айырысудың

                                    нормативтiк мәнi мен әдiстемесi

                                    туралы нұсқаулықтың 3-қосымшасы

 

Туынды қаржы құралдарына арналған кредит тәуекел

коэффициенттерiнiң (проценттермен) кестесi

 

 

Осы кестеде көрсетiлген бірде бір санаттарына жатпайтын туынды қаржы құралдарымен байланысты операциялары "Қымбат металдардан басқа құндылықтармен байланысты операциялар" санатында көрсетiлген кредит тәуекел коэффициенттерi бойынша өлшенуге тиiс.

 

Екiншi деңгейдегi банктер

үшiн пруденциалдық нормативтер

бойынша есеп айырысудың

нормативтiк мәнi мен әдiстемесi 

туралы нұсқаулықтың 4-қосымшасы 

 

Халықаралық қор биржалары болып мойындалған

сауда-саттық ұйымдастырушылардың тiзiмi

 

1. Чикаго тауар биржасы (Chicago MercaNtile ExchaNge)

2. Чикаго мерзiмдi тауар биржасы (The Chicago Board of Trade)

3. Лондон халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы (LoNdo№ INterNatio№al FiNa№cial Futures aNd OptioNs ExchaNge)

4. Француз халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы (Fre№ch INterNatioNal FiNa№cial Futures ExchaNge MATIF)

5. Франкфурт қор биржасы (FraNkfurt Stock ExchaNge)

6. Стокгольм қор биржасы (Stockholm ExchaNge)

7. Стамбул қор биржасы (IstaNbul Stock ExchaNge)

8. Шанхай қор биржасы (ShaNghai Stock ExchaNge)

9. Шэньчжень қор биржасы (SheNchzhe№ Stock ExchaNge)

10. Америка қор биржасы (AmericaN Stock ExchaNge)

11. Афина қор биржасы (AtheNs ExchaNge)

12. Австралия қор биржасы (AustraliaN Stock ExchaNge)

13. Испания бірлескен қор биржасы (ВМЕ SpaNish ExchaNges)

14. Италия қор биржасы (Borsa ItaliaNa SPA)

15. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg)

16. Монреал қор биржасы (Bourse de MoNtreal)

17. Малазия қор биржасы (Bursa Malaysia)

18. Чикаго опциондар биржасы (Chicago Board OptioNs ExchaNge)

19. Копенгаген қор биржасы (CopeNhage№ Stock ExchaNge)

20. Немiс қор биржасы (Deutsche bourse AG)

21. Амстердамдағы "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (EuroNext Amsterdam)

22. Брюссельдегi "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (EuroNext Brussels)

23. Лиссабондағы "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (EuroNext LisboN)

24. Париждегi "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (EuroNext Paris)

25. Кұрамына Стокгольм, Хельсинка, Таллин және Рига биржалары кiретiн бірлескен қор биржасы (Hex INtegrated Markets Ltd.)

26. Гонконг қор биржасы (HoNg KoNg ExchaNges aNd CleariNg)

27. Ирландия қор биржасы (Irish Stock ExchaNge)

28. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock ExchaNge)

29. Йоханнесбург қор биржасы (Оңтүстiк Африка) (JSE Securities ExchaNge South Africa)

30. Оңтүстiк Корея қор биржасы (Korea Stock ExchaNge)

31. Лондон қор биржасы (LoNdoN Stock ExchaNge)

32. Мальта қор биржасы (Malta Stock Excha№ge)

33. Үндiстан ұлттық қор биржасы (Natio№al Stock ExchaNge of INdia Limited)

34. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock ExchaNge)

35. Жаңа Зеландия қор биржасы (New ZealaNd ExchaNge)

36. Осака қор биржасы (Osaka Securities ExchaNge)

37. Осло қор биржасы (Oslo bourse)

38. Фйлиппин қор биржасы (PhilippiNe Stock ExchaNge)

39. Сингапур қор биржасы (SiNgapore ExchaNge)

40. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss ExchaNge)

41. Токио қор биржасы (Tokyo Stock ExchaNge)

42. Австрия қор биржасы (WieNer bourse AG)

 

                                      Екiншi деңгейдегi банктер

                                    үшiн пруденциалдық нормативтер

                                        бойынша есеп айырысудың

                                    нормативтiк мәнi мен әдiстемесi

                                    туралы нұсқаулықтың 5-қосымшасы

 

Уақытша аралығы бойынша ашық позицияларды бөлу

 

 

                                      Екiншi деңгейдегi банктер

                                    үшiн пруденциалдық нормативтер

                                        бойынша есеп айырысудың

                                    нормативтiк мәнi мен әдiстемесi

                                    туралы нұсқаулықтың 6-қосымшасы

 

Проценттiк тәуекелдiң жалпы есебi

 

 

                                      Екiншi деңгейдегi банктер

                                    үшiн пруденциалдық нормативтер

                                        бойынша есеп айырысудың

                                    нормативтiк мәнi мен әдiстемесi

                                    туралы нұсқаулықтың 7-қосымшасы

 

Активтер мен мiндеттемелер мерзiмдерiн салыстыру кестесi

200__ ж. "____" ____________________

____________________________________

(банктiң қысқаша атауы)