5 тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
5. Жеке тұлғаларға тұруға арналған тұрғын үй құрылысы үшiн не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық тұрғын үй заемы мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша ай сайынғы төлемдер сомасының (негiзгi борыш және ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша сыйақы төлемiн қосқанда) заемшының ай сайынғы жиынтықты кiрiс сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) қатысы оның ай сайынғы жиынтықты кiрiсiнiң (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) 35 процентiнен аспаған жағдайда. Жекелеген жағдайларда коэффициент 45 процентке дейiн түзетiлуi мүмкiн, егер осы көрсеткiшке сәйкес ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша төлемдер жасау кезiнде заемшының әрбір отбасы мүшесi үшiн Астана және Алматы қалаларындағы кiрiстер 15 000 теңгеден кем емес, ал басқа аймақтар бойынша 10 000 теңгеден кем емес, ал 15 жастан төмен балалар үшiн - аталған сомалардың жартысынан кем болмаған талаптар бойынша;
2) заемшының ай сайынғы мiндеттемелерiнiң жалпы сомасының (Қазақстан Республикасының заңнамаларында және шарттарында көзделген заемдар, мүлiк салығы, жылжымайтын мүлiктi сақтандыру жөніндегі ай сайынғы төлемдер, жеке сақтандыру және азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру, басқа да реттi мiндеттi төлемдердi қосқанда) ай сайынғы жиынтықты кiрiстер сомасына (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) қатысы оның ай сайынғы жиынтықты кiрiстер сомасының (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) 40 процентiнен аспаған жағдайда. Жекелеген жағдайларда коэффициент 50 процентке дейiн түзетiлуi мүмкiн, егер осы көрсеткiшке сәйкес ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша төлемдер жасау кезiнде заемшының әрбір отбасы мүшесi үшiн Астана және Алматы қалаларындағы кiрiстер 15 000 теңгеден кем емес, ал басқа аймақтар бойынша 10 000 теңгеден кем емес, ал 15 жастан төмен балалар үшiн - аталған сомалардың жартысынан кем болмаған талаптар бойынша;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қосалқы заемшыны тартқан жағдайда осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген коэффициенттер заемшы мен қосалқы заемшының жиынтықты кiрiстерi мен шығыстарынан есептеледi. Заемшының жұбайы немесе зайыбы және баласы, қызы, анасы, әкесi, туған аға-iнiлерi және қарындастары оған қосалқы заемшы бола алады.
Қамтамасыз ету құны (кепiл) ең аз дегенде мынадай екi себеп бойынша белгiленедi: жылжымайтын мүлiктi сату бағасы немесе осы мүлiктiң "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленетiн бағалау құны.
6. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингi болса, онда тәуекел дәрежесi бойынша банк активтерiн саралау кезiнде бағалы қағаз рейтингiн ескеру қажет.
7 тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
7. Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес рыноктық тәуекелдi ескере отырып, активтердiң, шартты және мүмкiн талап етулер мен мiндеттемелердiң есебiне енгiзiлген активтер валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдарының есебiне енгiзiлген активтерден басқа кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланатын активтердiң, шартты және мүмкiн мiндеттемелердiң есебiне енгiзiлмейдi.
8. "Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры" акционерлік қоғамы ұсынып отырған сипаттамалар мен талап етулерге жауап беретiн, жеке тұлғаларға берiлген ипотекалық тұрғын үй заемы, оның iшiнде ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының қамтамасыз ету құнына қатысының өсу мөлшерi 85 проценттен аспайтындар және сақтандыру ұйымы не бастапқы кредитор болып табылатын, банкпен айрықша қатынаста байланысы жоқ заңды тұлға сақтандырған (кепiлдiк берген) кредиттiк тәуекелi ипотекалық тұрғын үй заемы сомасының қамтамасыз ету құнына қатысының өсу мөлшерi 70 процент болатындары тәуекел дәрежесi бойынша сараланады - ол осы Қосымшаның 43 және 44 жолдары қолданысқа енгенге дейiн 50 процент.
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 2-қосымшасы
Банктiң тәуекел дәрежесi бойынша өлшенген
шартты және ықтимал мiндеттемелер кестесi