2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында
азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Ақтөбе облыстық әкімиятының 2007 жылғы 26 наурыздағы
№ 81 қаулысы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ Заңының 19, 20 баптарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі қаулы етеді:
1. «Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» мемлекеттік мекемесі (Т.Б. Еренчиев) 2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа әскери құрылымдарға әскерге шақырылған күнге дейінгі 18 жастағы, мерзімді әскери қызметке шақырылудан кейінге қалдырылуға немесе босатылуға құқы жоқ ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
2. Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдеріне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне (К.О. Илюбаев), «Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» (С.М. Жұмағазиев), «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау департаменті» (Қ.Қ. Сабыр), «Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті» (М.О. Нүкенов), Ақтөбе станциясы желілік ішкі істер бөліміне (Б.А. Тлеулиев), мемлекеттік мекемелеріне Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі (басқарма) бөлімдерін жабдықталған әскерге шақыру (жинау) қостарымен, дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, медициналық және шаруашылық мүліктерімен, автомобиль көліктерімен, байланыс құралдарымен, қоғамдық тәртіп күзетімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.