«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы
өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының
(жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын
бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 шілдедегі
№ 240 Бұйрығы
Осы редакция 2007 ж. 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 15-бабының 2-тармағына және «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (А.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
| Министр | Н. Коржова |
Қаржы министрінің
2006 жылғы 7 шілдедегі