Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1278 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы
№ 223 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспедегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7.5.1-тармағын және» деген сөздер алынып тасталсын;
2) 3-тармақтағы «жылына екі рет» деген сөздер «жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын, «және 10 тамызға» деген сөздер алынып тасталсын;
3) 4-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есімовке» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Әзірлеу үшін негіздеме» деген жолдағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7.5.1-тармағы;» деген сөздер алынып тасталсын;
«Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері» деген жолда:
«6407,3» деген сандар «10185,7» деген сандармен ауыстырылсын;
«1362,2*» деген сандар «5140,6» деген сандармен ауыстырылсын;
«Кіріспе» деген 2-бөлімнің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7.5.1-тармағына,» деген сөздер алынып тасталсын;
«Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетіктері» деген 5-бөлімде:
«Экономиканы экологияландыру» деген 5.1.2-кіші бөлімде: бесінші абзацтағы «қамтамасыз ету» деген сөздерден кейін «осындай көшуді қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік нұсқаулар әзірленетін» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қоршаған орта мониторинг жүйесін дамыту» деген 5.1.4-кіші бөлімде:
соңғы абзацтың алдындағы абзацтағы «аумақтарында» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Балқаш көлі, Нұра өзені бассейндерінде, Щучинск-Бурабай курорттық аймағында, «Ақтау» теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында, Алматы қаласының аэродинамикалық жағдайына және аэроғарыштық» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету» деген 5.1.5-кіші бөлімде:
төртінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының электрондық атласын әзірлеу және құру жөнінде зерттеулер ұйымдастырылған.»;
алтыншы абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Көрсетілген аумақта оның орнықты даму жолдарын белгілеу үшін кешенді экологиялық зерттеулер жүргізілетін болады.»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Трансшекаралық сипаттағы проблемаларды шешу үшін Қазақстанның шекара маңындағы аудандарының экологиялық жағдайын зерттеу қажет.»;
«Биоәртүрлілікті сақтау» деген 5.2.3-кіші бөлім мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Солтүстік Қазақстанда астық өндірудің табиғи қатеріне бағалау жүргізу үшін атмосфералық және топырақ құрғақшылығының геоақпараттық жүйелерінің базасында мониторинг жүйесін әзірлеу көзделеді.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық жай-күйін жақсарту мақсатында парк аумағында ландшафты зерттеулер, негізгі өрттің орындарында өсімдіктердің пирогенді ауысуын зерделеу жүргізу, табиғи парктің орнықты дамуын қамтамасыз ету жөнінде зерттеулер жүргізу қажет.»;
«Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғау» деген 5.2.4-кіші бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстандық Каспий маңы қайраңын және жағалауын шаруашылық пайдаланудың оңтайлы режимдерін айқындау және қорғау мақсатында табиғи-шаруашылық жүйелердің экологиялық жай-күйін бағалау негізінде өңірді функционалды аймақтарға бөлуді жүргізу қажет. Каспий бассейнінің биологиялық ресурстарына арналған мұнай-газ қызметінің теріс әсерін бағалау оны азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге бағдарланған.»;
«Cу ресурстарының жетіспеушілігі, жұтауы және ластануы» деген 5.2.5-кіші бөлімінде:
төртінші абзацта:
«жер асты» деген сөздерден кейін «және жер үсті» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Іле-Балқаш кіші өзендері бассейнінің үлгісінде кіші өзендердің экологиялық жай-күйін зерделеу және олардың ағынын ұтымды пайдалану жолымен экологиялық қауіпсіздігін және оларды қорғауды қамтамасыз ету қажет.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Елдің қалалары мен елді мекендерінің тазалау құрылыстарын салу және жұмыс істеп тұрған инженерлік желілер жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру Қазақстан халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.«;
жетінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Елек өзенін бормен және алты валентті хроммен ластанудан қорғау жөніндегі ізденіс жұмыстарын жүргізу жобаны іске асыру кезінде бірінші кезектегі объектілерді (басымдықтарды) бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.»;
«Әуе бассейнінің ластануы» деген 5.2.8-кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«қоршаған ортаға шығарындыны азайту үшін жылуэлектроорталықтарында (ЖЭО) экологиялық қауіпсіздікті басқару жүйесінің ақпараттық моделін құру;»;
үшінші абзацтағы «әзірлеу» деген сөзден кейін «, құру» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«салалар және өңірлер бөлінісінде өнеркәсіп кәсіпорындарының ашық карьерлерден, үйінділерден және қалдық сақтауыштардан құмды жел ағынының адам ағзасына және қоршаған ортаға әсерін зерттеу;»;
«Радиоактивтік ластану» деген 5.2.9-кіші бөлімде:
бірінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында кейіннен радиациялық қауіпті объектілердің кадастрын құру үшін радиоактивті қалдықтардың пайда болу көздерін белгілеу және оларды жіктеу мақсатында зерттеулер жүргізу.»;
төртінші абзацта:
«Солтүстік» деген сөзден кейін «және Оңтүстік» деген сөздермен толықтырылсын;
«анықтау» деген сөзден кейін «, уран өндіруші кәсіпорындардың радиоактивті қалдықтарымен ластанған ашық су айдындарын және топырақты тазалау әдістерін әзірлеу» деген сөздермен толықтырылсын;
«Химиялық ластану» деген 5.2.10-кіші бөлімде:
бірінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Полихлордифенилмен ластанған аумақтарға экологиялық бағалау және полихлордифенил бар қалдықтардың экологиялық қауіпсіз ыдырауына зерттеулер жүргізілетін болады.«;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қоршаған ортаның қорғасынмен ластануына кешенді бағалау жүргізілетін және ластанған аумақтарға мониторинг пен сауықтыру жүйесі әзірленетін болады.»;
«Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар» деген 5.2.11-кіші бөлімде:
төртінші абзац «дайындау» деген сөзден кейін «және Мемлекеттік қалдықтар кадастрын құру» деген сөздермен толықтырылсын;
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар» деген 5.2.12-кіші бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қоршаған ортаны техногендік сипаттағы газдардан қорғау жөнінде нормативтік-құқықтық құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.«;
«Адамдардың аурулары мен қоршаған ортаның сапасы арасындағы байланысты белгілеу» деген 5.2.13-кіші бөлімде:
үшінші абзац «денсаулығына» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Батыс Қазақстан өңірінің және Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарында» деген сөздермен, «жүргізу» деген сөзден кейін «, Арал көлі өңірі үшін халықты сауықтырудың экологиялық әдістерін әзірлеу.» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
«6407,3» деген сандар «10185,7» деген сандармен ауыстырылсын;
«1362,2*» деген сандар «5140,6» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлім осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының