«2007 жылға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беру Қағидасын бекіту және қарыз алушы банктерді анықтау туралы» Ақтөбе облыстық әкімиятының 2007 жылғы 26 наурыздағы № 82 қаулысы

2007 жылға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беру Қағидасын бекіту және
қарыз алушы банктерді анықтау туралы
Ақтөбе облыстық әкімиятының 2007 жылғы 26 наурыздағы № 82 қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңына сәйкес, «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысын орындау үшін қарыз алушы банктерді іріктеуге арналған конкурстың 2007 жылғы 9 ақпандағы хаттамасы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2007 жылға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беру Қағидасын бекіту және қарыз алушы банктерді анықтау туралы» облыс әкімдігінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 59 қаулысының күші жойылсын.

2. Қоса беріліп отырған 2007 жылға облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беру Қағидасы бекітілсін.

3. «Тұран Әлем Банкі», «Темірбанкі», «Центр Кредит Банкі» және «Альянс Банкі» акционерлік қоғамдар ауыл шаруашылығы іс-шараларына облыстық бюджеттің қаржысынан «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беру» бағдарламасы бойынша қарыз алушы банктер болып анықталсын.

4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Өмірзақовқа жүктелсін.

 

Облыс әкімі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.