«Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 Қаулысы (2020.30.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 Қаулысы

(2020.30.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 108 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2017.24.03. № 128 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2010.19.03. № 219 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.06.03. № 294 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.10. № 1087 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.10. № 1058 Қаулысымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.10. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.07.10. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.24.03. № 128 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.25.09. № 587 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.16.11. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.09. № 622 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке және папиростарға:

1) 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін төрт жүз жетпіс теңге;

2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін бес жүз теңге;

3) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін бес жүз жиырма теңге;

4) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін бес жүз елу теңге;

5) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін бес жүз жетпіс теңге;

6) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алты жүз теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов