Тұрғын емес үй мемлекеттік қорды мүліктік жалға беру мәселері
Ақмола облысы әкімінің 2005 жылғы 29 наурыздағы № А-4/87 қаулысы
(2007.23.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Ақмола облысы әкімінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № а-4/164 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Ақмола облысы әкімдігінің «Мүлікті жалға беру (жалдау) Ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, коммуналдық меншікті тиімді басқару мақсаттарында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Тұрғын үй емес қорды жалға беру ставкалары мен қолданылатын коэффициенттерін анықтау Нұсқаулығы (бұдан әрі - әдістеме), сонымен қатар мүлікті жалдау мен тендерлерге қатысу өтінімдерінің формалары 1,2,3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандардың және қалалардың әкімдері, Ақмола облыстық қаржы департаменті (бұдан әрі - департамент) және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары (бұдан әрі - кәсіпорын) қамтамасыз етсін:
1) Кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруындағы мүлікті жалға беру кезінде 2001 жылғы 25 желтоқсандағы облыс әкімдігінің № А-8/49 қаулысымен бекітілген Ережелердің сақталуын.
2) Департаментке кәсіпорындар 4-қосымшаға сәйкес, есептіден кейінгі келесі айдың жетісіне дейін, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруындағы мүліктерді мүліктік жалға берудің тоқсандық жиынтық есебін беруін. Кәсіпорындардың мен тұрғын үй емес мемлекеттік қорды мүліктік жалға
3) Кәсіпорындардың мен тұрғын үй емес мемлекеттік қорды мүліктік жалға беру (жалдау) ақысының ставкасы осы қаулының 1- тармағында көрсетілген Нұсқаулыққа сәйкес анықталуын.
3. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары осы кәсіпорындарға 5-қосымшадағы үлгіге сәйкес мүліктік жалға беру (жалдау) шартын жасауды ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары О.В. Наймушинаға жүктелсін.
Облыс әкімі | М. Есенбаев |