2007 жылғы арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 284 шешімі
(2007.30.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Ақтөбе қаласы әділет департаментінің 2008 ж. 10 қаңтардағы № 1-06/82 хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 63 бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2007.12.02. № 309; 2007.16.04. № 329 (бұр.ред.қара); 2007.17.07. № 358 (бұр.ред.қара); 2007.30.10. № 16 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2007 жылға арналған қалалық бюджет № 1 қосымша сәйкес мына көлемде бекітілсін:
1) түсімдер - 19960534 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 6172978 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 399000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 7652022 мың теңге;
трансферттер түсімі - 5736534 мың теңге;
2) шығындар - 18622351 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 1338183 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелеу - 0 мың теңге;
5) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығы (профицит) - 2157000 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - (-2157000) мың теңге.
2. Қалалық бюджет кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне және Қазақстан Республикасының «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес қалыптасады деп белгіленсін.
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2007.16.04. № 329 шешімімен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік Кодексінің 111, 116 баптарына сәйкес және Ақтөбе қаласының салық комитетінің ұсыныстары негізінде, түсімдердің жылдық көлемі 831000 мың теңгеге көбейтілсін, соның ішінде: