2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33-30 «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» мәслихаттың
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 ақпандағы № 35-1 шешімі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33-30 шешіміне (2006 жылдың 21 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2977 нөмірмен тіркелген және «Орал өңірі» газетінің 2007 жылғы 1 қаңтардағы № 1, 2007 жылғы 6 қаңтардағы № 3, 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 4, 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 6, 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 7, 2007 жылғы 23 қаңтардағы № 10 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақта:
«37 979 647» деген сандар «40 560 109» деген сандармен өзгертілсін;
«12 070 188» деген сандар «14 526 000» деген сандармен өзгертілсін;
«25 889 612» деген сандар «26 014 262» деген сандармен өзгертілсін;
«37 991 781» деген сандар «42 746 885» деген сандармен өзгертілсін;
«-12 134» деген сандар «-2 186 776» деген сандармен өзгертілсін;
«-1 087 866» деген сандар «1 078 866» деген сандармен өзгертілсін;
«1 100 000» деген сандар «3 265 642» деген сандармен өзгертілсін;
2) 9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Аудандық (қалалық) бюджеттерге 2007 жылға арналған облыстық бюджетте нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттер жалпы сомасы 2 135 659 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
1 830 004 мың теңге - жергілікті бюджеттерден алынатын трансферттер;
276 010 мың теңге - сумен жабдықтау жүйесін дамытуға;
29 645 мың теңге - үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге.
Аудандық (қалалық) бюджеттерге көрсетілетін сомаларды бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүргізіледі.»;