«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік
меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 82-ө Өкімі
(2008.19.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
ҚР Премьер-Министрінің 2007.13.06. № 161-ө Өкімімен тізбе толықтырылды; ҚР Премьер-Министрінің 2008.19.02. № 38-ө Өкімімен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 4 сәуірдегі
№ 82-ө өкімімен бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік
меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 2 наурыздағы Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі