Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің салық
және кеден органдары арасында трансферттік баға белгілеуді бақылау
жөнінде ақпарат алмасу туралы хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 263 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 6 маусымда Мәскеу қаласында жасалған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің салық және кеден органдары арасында трансферттік баға белгілеуді бақылау жөнінде ақпарат алмасу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі
| К. Мәсімов |