«Ұлттық компаниялардың 2008-2010 жылдарға арналған жоспарлары бөлімдерінің құрылымын, көрсеткіштер нысандары мен тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 13 наурыздағы № 51 Бұйрығы (күші жойылды)

Ұлттық компаниялардың 2008-2010 жылдарға арналған жоспарлары бөлімдерінің құрылымын,
көрсеткіштер нысандары мен тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің
 2007 жылғы 13 наурыздағы № 51 Бұйрығы

 

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 179 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы қаулысына сәйкес ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. 1-10-қосымшаларға сәйкес қоса беріліп отырған ұлттық компаниялардың 2008-2010 жылдарға арналған жоспарлары бөлімдерінің құрылымы, көрсеткіштер нысандары мен тізбелері бекітілсін.

2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті (Д.Ж.Қабиев):

1) Заң басқармасымен (Д.А.Ешімова) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оны ұлттық компаниялардың мемлекеттік пакеттеріне иеленуді және оларды пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Әділет және Қаржы министрліктерінің, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің, ұлттық компаниялардың (келісім бойынша) назарларына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі В.В.Супрунға жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің орынбасары - министр

А. Мусин

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.