«Жануарлар дүниесін пайдалануға берілетін рұқсатнамалар мен тапсырыстардың, рұқсатнамалар мен маркалар беруді есепке алу журналдарының, рұқсатнамалар мен маркаларды есепке алу жөніндегі есептіліктің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 27 ақпандағы № 81 Бұйрығы (күші жойылды)

Жануарлар дүниесін пайдалануға берілетін рұқсатнамалар мен тапсырыстардың, рұқсатнамалар мен маркалар беруді есепке алу
журналдарының, рұқсатнамалар мен маркаларды есепке алу жөніндегі есептіліктің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы
27 ақпандағы № 81 Бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2008 жылғы 31 қазандағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1469 қаулысымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатнамалар беру ережесіне сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған мына нысандар бекітілсін:

1) 1-қосымшаға сәйкес аң және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға; жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға; жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалануға рұқсатнамалар;

2) 2-қосымшаға сәйкес жабайы жануарларды аулауға рұқсатнамалар;

3) 3-қосымшаға сәйкес жабайы жануарларды аулауға арналған маркалар;

4) мыналарды:

4-қосымшаға сәйкес аң және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға; жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға; жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалануға рұқсатнамалар;

5-қосымшаға сәйкес жабайы жануарларды аулауға рұқсатнамалар;

6-қосымшаға сәйкес жабайы жануарларды аулауға арналған маркалар беруді есепке алу журналдары;

5) 7-қосымшаға сәйкес аң аулау мақсатында Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатнамалар алуға тапсырыстар;

6) 8-қосымшаға сәйкес жабайы жануарларды аулауға рұқсатнамаларды есепке алу жөніндегі есептіліктер;

7) 9-қосымшаға сәйкес жабайы жануарларды аулауға арналған маркаларды есепке алу жөніндегі есептіліктер.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.