Салық қызметі органдарының салық міндеттемесін орындау жөніндегі
хабарламаларының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Салық комитеті
төрағасының 2007 жылғы 11 наурыздағы № 133 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 Бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 31-бабын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған хабарламалардың нысандары бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық органы есептеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық тексеруі нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың есептелген сомасы туралы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қолданылатын шаралар туралы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың қолданылатын шаралары туралы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің шағымын қарау нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың есептелген сомалары туралы;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес салық заңдарын бұзушылықты жою туралы;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын және орналасқан (тұрғылықты) жері өзгерген күннен бастап мұндай өзгерістер туралы жиырма жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етпеген тұлғаны есептен шығару туралы.