«Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 149 қаулысы (2005.06.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 149 қаулысы

(2005.06.12. берілген өзгерістермен)

 

Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009.03.30 № 89 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және «Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысын орындау үшін және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесі қосымшадағына сәйкес бекітілсін (бұдан әрі - Ереже).

2. Орал қаласының және аудандардың әкімдері:

1) әлеуметтік жұмыс орындарын ашуды және қаржыландыруды қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі басқа да қажетті шараларды алсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. С. Иманғалиевке жүктелсін.

 

Облыс әкімі

 

Облыс әкімдігінің

2005 жылғы 3 мамырдағы

№ 149 қаулысымен

Бекітілген

 

 

Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз

азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік

жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру

Ережесі

 

 

Осы Ереже халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін айқындайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдармен (меншік түріне қарамастан) жасалатын негізгі шарттар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.