«2004 жылғы 29 қаңтардағы № 6-6 «Кейбір төлем түрлерінің ставкаларын бекіту туралы» мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 27 ақпандағы № 30-18 шешімі

2004 жылғы 29 қаңтардағы № 6-6 «Кейбір төлем түрлерінің ставкаларын бекіту туралы»
мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 27 ақпандағы № 30-18 шешімі

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 258373394491-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы негізінде Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Орал қалалық мәслихатының 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 6-6 «Кейбір төлем түрлерінің ставкаларын бекіту туралы» шешіміне (2004 жылғы 10 ақпаннан тіркеу № 2491, 2004 жылғы 20 ақпанда «Жайық үні» газетінде жарияланған), оған қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 10 қаңтардағы № 15-6 шешімімен (2005 жылғы 21 қаңтардан тіркеу № 2854, 2005 жылғы 27 қаңтарда «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2005 жылғы 10 тамыздағы № 25-12 шешімімен (2005 жылғы 17 тамыздан тіркеу № 7-1-13, 2005 жылғы 1 қыркүйекте «Жайық үні» газетінде жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Аталған шешімнің 1-қосымшасымен бекітілген «Орал қаласындағы базарлар бойынша біржолғы талон бағасына»:

1) базарлар тізіміне 20-тармақты - «Жалын» базарын қосып, бір сауда орнынан тауарлар сатуға мынадай ставкалар қойылсын:

азық-түлік өнімдерін -145 теңге:

кілемдерді, кілем бұйымдарын, жиһаздарды -270 теңге;

маталарды, төсек жабдықтарын, перделерді, жапқыштарды - 145 теңге;

бағалы металдардан жасалған жүн, тері бұйымдарын, тұрмыстық машина, приборларды -210 теңге;

бейнекассеталарды, ойыншықтарды, ыдыстарды, парфюмерияларды - 210 теңге;

басқалары, сауда орнының көлемі мынаны құрайтын:

1х3 шаршы метр - 110 теңге;

1,5х3 шаршы метр - 145 теңге;

2х3 шаршы метр - 210 теңге;

3х3 шаршы метр - 290 теңге;

2) базарлар тізіміне 21-тармақты - «Алтын Алма» базарын қосып, бір сауда орнынан тауарлар сатуға мынадай ставкалар қойылсын:

азық-түлік тауарларын - 220 теңге;

өнеркәсіп тауарларын - 220 теңге;

сауда орнының ауданы 20 шаршы метрден асатын - 330 теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.