«2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 29-3 «2006 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 27 ақпандағы № 30-4 шешімі

2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 29-3 "2006 жылға арналған қалалық бюджеті туралы»
мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 27 ақпандағы № 30-4 шешімі

 

Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Г. А. Тұқранованың баяндамасын, қалалық мәслихаттың экономика, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ. Х. Қапановтың қосымша баяндамасын тыңдап және талқылап, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы негізінде Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Орал қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 29-3 «2006 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» (2005 жылғы 28 желтоқсандағы тіркеу № 7-1-23, «Жайық үні» газетінде 2006 жылғы 5 қаңтарда жарияланған) шешімінің 1-тармағы, келесі редакцияда баяндалсын:

1) Кірістер - 5 711 878 мың теңге

соның ішінде:

салықтық түсімдер - 2 861 004 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 78 951 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 250 000 мың теңге;

ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 1 521 923 мың теңге;

2) Шығындар - 5 442 816 мың теңге;

3) Операциялық айырым - 269 062 мың теңге;

4) Таза бюджеттен кредиттеу - 0;

5) қаржы активтер операциясымен айырым - 0;

6) Бюджет тапшылығы (профициті) - 269 062 мың теңге;

7) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -269 062 мың теңге;

8) қарыздарды өтеу - -1 100 000 мың теңге;

9) Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 830 938 мың теңге.

2. 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 29-3 шешімінің 1, 2, 3, 4 қосымшаларының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімінің 1, 2, 3, 4 қосымшалары бекітілсін.

4. Орал қаласы қаржы бөлімі түсімдердің жиынтық жоспарына және төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жиынтық жоспарына тиісті өзгертулерді енгізсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.