Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің кейбір мәселелері туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 3/454 қаулысы
Мемлекеттік кәсіпорындарды түгендеу, олардың мақсаттарының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын жекелеген қызмет түрлерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі мәселелерді қарау мақсатында Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мына қосымшага сәйкес құрамда коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын жекелеген қызмет түрлерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі жұмыс тобы құрылсын (бұдан әрі - қарай Жұмыс тобы).
2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде жүргізілген жұмыстың қорытындылары бойынша мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын жекелеген қызмет түрлерін бәсекелес ортага берудің орындылыгы жөнінде ұсыныстар енгізсін.