«Алматы Инвест» акционерлік қоғамын құру туралы
Алматы қаласының әкімдігінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 3/441 қаулысы
Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» заңдарына, Ш-ші сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXIV сессиясының 2006 жылғы 26 шілдедегі № 260 шешімімен бекітілген, 2006-2008 жылдарға арналған Алматы қаласында жайлы инвестициялық климат қалыптастыру бағдарламасына сәйкес, Алматы каласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала экономикасына инвестиция тартуға ықпал ету және қалалық инвестициялық жобаларды басқару бойынша, оның жарғылық капиталында жүз пайыздық мемлекеттің қатысуымен «Алматы Инвест» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - қоғам) құру.
2. Қоғамның негізгі қызмет ету пәні Алматы қаласының экономикалық дамуына ықпал ету үшін инвестиция тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңартпалау, қаладағы әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру жолдарымен экономикалық орта құру.