«Қызылорда облысының 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік экологиялық бағдарламасын бекіту туралы»
Қызылорда облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 маусымдағы XVІ сессиясының
№ 185 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облыстық Мәслихаттың 2007 жылғы 2 наурыздағы № 359 шешімі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасына», Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы кеңейтілген отырысының № 01-7.5 Хаттамасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ: