«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 696 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 302 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 696 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 302 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 696 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 287-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу ережесінде:

3-тармақтағы «1 сәуірде» деген сөздер «1 тамызда» деген сөздермен ауыстырылсын;

11-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жария етілген жылжымайтын мүлік объектісіне арналған техникалық паспортты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары - республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен олардың филиалдары ресімдейді.»;

17-тармақтағы «1 шілдеге» деген сөздер «1 қарашаға» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов