«Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 6 наурыздағы «Павлодар қаласы аумағының құрылысын салу, көріктендіру және инженерлік қамтамасыз ету қағидасын» бекіту туралы» № 15/22 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы (3 сайланған 31 кезекті сессия).» Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 28 наурыздағы № 27/31 шешімі (күші жойылды)

Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 6 наурыздағы «Павлодар қаласы аумағының құрылысын салу,
көріктендіру және инженерлік қамтамасыз ету қағидасын» бекіту туралы» № 15/22 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар
енгізу туралы (3 сайланған 31 кезекті сессия).
Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 28 наурыздағы № 27/31 шешімі

 

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010.31.03. № 25/23 шешімімен күші жойылды

 

Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 22 бабы 1-1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 6 наурыздағы «Павлодар қаласы аумағының құрылысын салу, көріктендіру және инженерлік қамтамасыз ету қағидасын» бекіту туралы» № 15/22 шешіміне (3 сайланған 22 кезекті сессия), (2006 жылғы 11 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-1-64 болып тіркелген, 2006 жылғы  13 сәуірдегі № 43 «Сарыарқа самалы», 2006 жылғы 8 мамырдағы № 15 «Версия» газеттерінде жарияланған) төмендегідей өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

«Павлодар қаласы аумағының құрылысын салу, көріктендіру және инженерлік қамтамасыз ету қағидасы» (бұдан әрі - Қағида):

34 «Саябақтар, саяжолдар, бульварлар және қаланың көше бойында орналасқан жасыл аймақтар, үй іші аумағында орналасқан балалар спорт алаңдары осы қағиданың қосымшасына сәйкес жалпы пайдаланудағы жерлерде орналасады» тармағы жаңа редакцияда жазылсын;

54-1 «үй іші аумағында орналасқан жер телімдерінде күрделі имараттардың (ғимараттар, гараждар және тағы басқа) құрылысын салуға тыйым салынады» тармағымен толықтырылсын;

63-1 «Жалпы пайдаланудағы жерлерде орналасқан үй іші аумағының санитарлық тазалығын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өкілетті орган қамтамасыз етеді» тармағымен толықтырылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.