Досье ITS на проект Закона Республики Казахстан «Об органах внутренних дел Республики Казахстан» (29 декабря 2012 года) (принят)

Предыдущая страница

Текст законопроекта привести в соответствие с нормами Закона Республики Казахстан «О нормативных правовых актах».

 

Проект

 

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

МАЖИЛИСА ПАРЛАМЕНТА

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

О дополнениях, внесенных Сенатом Парламента

Республики Казахстан в проект Закона Республики Казахстан

«Об органах внутренних дел Республики Казахстан»

 

 

В соответствии с пунктом 45 Регламента Мажилиса Парламента Республики Казахстан Мажилис Парламента Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

 

Согласиться с дополнениями, внесенными Сенатом Парламента Республики Казахстан в проект Закона Республики Казахстан «Об органах внутренних дел Республики Казахстан».

 

 

Председатель Мажилиса

Парламента Республики Казахстан

 

 

Заключение Комитета по законодательству и судебно-правовой реформе Мажилиса Парламента Республики Казахстан от 27 марта 2014 года № 5-5-374 по дополнениям, внесенным Сенатом Парламента Республики Казахстан в проект Закона Республики Казахстан «Об органах внутренних дел Республики Казахстан»

 

Комитет по законодательству и судебно-правовой реформе, рассмотрев дополнения, внесенные Сенатом Парламента Республики Казахстан в проект Закона Республики Казахстан «Об органах внутренних дел Республики Казахстан», отмечает следующее.

Так, Сенатом предложено пункт 1 статьи 6 дополнить подпунктами 48) и 49) следующего содержания:

«48) представлять по запросу уполномоченного органа по финансовому мониторингу сведения из собственных информационных систем в соответствии с законодательством Республики Казахстан о противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных незаконным путем, и финансированию терроризма;

49) представлять по запросам уполномоченного органа в области реабилитации и банкротства сведения по находящимся в производстве уголовным делам, возбужденным по преступлениям против собственности в отношении должников, признанных в установленном законом порядке банкротом или в отношении которых применена реабилитационная процедура;».

Данные дополнения не затрагивают концепцию законопроекта.

В соответствии с пунктом 5 статьи 61 Конституции Республики Казахстан Комитет предлагает согласиться с дополнениями, внесенными Сенатом Парламента Республики Казахстан.

 

 

                                               

 

Постановление Сената Парламента Республики Казахстан от 13 марта 2014 года № 352-V СП
О проекте Закона Республики Казахстан «Об органах внутренних дел Республики Казахстан»

 

В соответствии с пунктом 5 статьи 61 Конституции Республики Казахстан Сенат Парламента Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

 

Направить в Мажилис Парламента Республики Казахстан дополнения, внесенные Сенатом Парламента Республики Казахстан в проект Закона Республики Казахстан «Об органах внутренних дел Республики Казахстан».

 

 

                                     

 

 

СРАВНИТЕЛЬНАЯ ТАБЛИЦА
по внесению Сенатом Парламента Республики Казахстан дополнений в проект Закона Республики Казахстан
«Об органах внутренних дел Республики Казахстан»

 

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының

13.03.2014 жылғы отырысының

стенограммасынан үзінді көшірме

 

Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенатының Төрағасы Қ. ТОҚАЕВ жүргізді

 

Выписка из стенограммы заседания

Сената Парламента Республики Казахстан

от 13.03.2014 года

 

Вел заседание Председатель Сената

Парламента Республики Казахстан К. ТОКАЕВ

 

ТӨРАҒА.

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).

Бұл заң жобалары бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан екі мәселе бойынша бір баяндамада жасау ұсынылады.

Қарсылықтарыңыз бар ма?

ОРНЫНАН. Жоқ.

ТӨРАҒА. Онда баяндама жасау үшін сөз Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымовқа беріледі.

ҚАСЫМОВ Қ.Н. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Құрметті депутаттар! «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заң жобасы Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында әзірленді.

Заң жобасы ішкі істер органдары қызметінің саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Законопроект определяет четыре задачи:

- профилактика правонарушений;

- охрана общественного порядка;

- борьба с преступностью;

- исполнение уголовных наказаний и административных взысканий.

На их основе устанавливаются компетенция органов внутренних дел и их полномочия. Наряду с этим закрепляются полномочия министра. Определена компетенция Правительства, министерства и местных исполнительных органов.

Так, к ведению Правительства отнесена разработка основных направлений государственной политики в сфере деятельности органов внутренних дел.

Министерство внутренних дел анализирует состояние и тенденции развития криминогенной обстановки в стране, разрабатывает и принимает меры по обеспечению общественной безопасности.

Местные исполнительные органы организуют совместно с органами внутренних дел обеспечение общественной безопасности на территории областей, города республиканского значения, столицы.

В целях повышения эффективности мероприятий по профилактике правонарушений, противодействию преступности, сохранению общественного порядка закрепляется деятельность общественных советов и общественных наблюдательных комиссий в органах внутренних дел.

Отдельной главой устанавливаются социальные гарантии сотрудников органов внутренних дел и членов их семей.

Протокольным решением Республиканской бюджетной комиссии с учетом возможности государственного бюджета поддержана сумма 6,2 миллиарда тенге для оплаты:

- целевой денежной компенсации за наем жилья сотрудникам;

- комиссионных выплат подъемного пособия при перемещении руководителей органов внутренних дел и их заместителей;

- возмещения затрат на перевозку имущества, связанных с переездом из одной местности в другую.

Также, учитывая опыт привлечения сил при ликвидации чрезвычайного положения, законопроект дополнен нормой о привлечении сотрудников к выполнению обязанностей в отрыве от пунктов постоянной дислокации. В таких случаях исчисляется льготный срок службы и выплачивается повышенное денежное содержание.

Сопутствующим законопроектом вносятся поправки в 16 законодательных актов, в том числе в пять кодексов.

В Трудовой и Налоговый кодексы, Кодекс об административных правонарушениях вносятся дополнения касательно урегулирования правового положения сотрудников Государственной фельдъегерской службы.

В Уголовный кодекс вводится ответственность за преступления против безопасности информационных технологий, прохождение террористической и экстремистской подготовки, распространение заведомо ложной информации, участие в иностранных вооруженных конфликтах.

В Законе «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» предусматривается изъятие из гражданского оборота травматического оружия и перевод его в разряд служебного.

В Законе «Об охранной деятельности» устанавливаются требования к специализированным и учебным центрам и их филиалам.

В Законе «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» закрепляется компетенция местных исполнительных органов на установление ограничения реализации продукции в стеклянной таре при проведении спортивно-массовых, зрелищных, культурно-массовых мероприятий.

В Закон «О правоохранительной службе» в целях совершенствования дисциплинарной практики вносятся дополнения, позволяющие применять взыскания в виде предупреждения о неполном служебном соответствии и освобождения от занимаемой должности в отношении сотрудников по решению коллегии или оперативного совещания при первом руководителе правоохранительного органа.

В Законе «О связи» предлагается законодательно урегулировать полномочия Государственной фельдъегерской службы.

Определяется порядок приостановления работы сетей или средств связи в случаях их использования в преступных целях.

В целях устранения нарушений закона Генеральный прокурор и его заместители наделяются правом внесения предписания в уполномоченный орган с требованием о временном приостановлении работы сетей или средств связи, а также доступа к Интернету.

В Законе «О противодействии экстремизму» устанавливается запрет на использование сетей и средств связи для осуществления экстремизма, издания и распространения экстремистских материалов.

Уважаемые депутаты! Законопроект не повлечет негативных последствий, а его принятие позволит:

- обеспечить гарантии соблюдения конституционных прав граждан;

- усовершенствовать структуру органов внутренних дел, определить их назначение с учетом современных требований;

- законодательно определить статус и роль полиции в обществе;

- повысить уровень доверия населения и международного сообщества к работе органов внутренних дел;

- скорреспондировать нормы законодательства в сфере деятельности органов внутренних дел.

В заключение хочу отметить, что внесенные в ходе работы вами поправки и предложения послужили как улучшению редакции, так и совершенствованию настоящего законопроекта в целом.

Прошу вас поддержать данный законопроект. Спасибо за внимание.

ТӨРАҒА. Спасибо. Есть вопросы к господину министру?

ОРНЫНАН. Нет.

ТӨРАҒА. Қосымша баяндама жасау үшін сөз Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Ермек Жианшаұлы Жұмабаевқа беріледі.

ЖҰМАБАЕВ Е.Ж. Құрметті Қасым Жомарт Кемелұлы, құрметті әріптестер! Сіздердің назарларыңызға «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары ұсынылып отыр. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заң жобасының мақсаты:

- ішкі істер органдары жүйесін, құқықтары мен міндеттерін айқындау;

- ішкі істер органдары қызметкерлеріне құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету;

- олардың жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады.

Заң жобасында ішкі істер және білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының арасындағы функцияларының ара жігін ашу, әртүрлі нормативтік құқықтық актілердегі нормалар сәйкессіздігін, сондай ақ полиция қызметін құқықтық реттеудегі оқылықтарды жою ұсынылған.

Заң жобасын талқылау барысында комитеттерден түскен ескертпелер мен ұсыныстар ескеріле отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына ішкі істер органдарының өкілеттіктері туралы мәселелер бойынша толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. Мәселен, заң жобасының 6-бабы заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған және оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты меншікке қарсы қылмыстар бойынша қозғалған, іс жүргізуде жатқан қылмыстық істер жөніндегі мәліметтерді оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша беруді көздейтін тармақшамен толықтырылады. Олар салыстырма кестеде көрсетілген.

Келесі мәселе - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасының мақсаты қолданыстағы заңнаманы жаңа редакциядағы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру болып табылады.

Жаңа баяндамашы айтып кеткендей, бірнеше кодекстер мен заңдарға осы заң жобасы өзгерістер енгізуді көздеп отыр.

Атап айтқанда:

- жарақаттаушы қаруды азаматтық айналымнан алу және оны қызметтік қару қатарына ауыстыру;

- құқық қорғау органдары қызметкерлері қызметтен босатылған кезде (кедендік қызметті қоспағанда) еңбек сіңірген күнтізбелік жылдардың санына байланысты 10 жылдан аз және 30 жылдан астам көзделеді, біржолғы жәрдемақы төлеу жөніндегі шәкіл белгілеу ұсынылады.

- әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен босатылған офицерлік құрамның қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеумен қатар қызметтен босатылған күннен бастап бір жыл бойы арнайы әскери атақ бойынша жалақылар төлеуді белгілейтін нормалар көзделеді.

Сенаттың тұрақты комитеттерінен заң жобаларының тұжырымдамасы бойынша ескертпелер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.

Баяндалғанды ескере келе, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Сенат Регламентінің 58-тармағын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда тұжырымдамалы түрде мақұлдауды ұсынады.

Құрметті әріптестер, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заң жобасы бойынша салыстырма кесте сіздерге таратылған, соған көшулеріңізді сұраймын. Назарларыңызға рақмет.

ТӨРАҒА. Бұл заң жобасы бойынша қандай ұсыныстарыңыз бар?

Сенатор Айтаханов.

АИТАХАНОВ Қ.А. Құрметті Төраға! Құрметті әріптестер! Заң жобасын мен толығымен қолдаймын. Заң жобасында ішкі істер органдарының негізгі міндеттері халыққа қалтқысыз қызмет ету, адам құқықтары мен бостандықтарын, олардың өмірін, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау болып табылады деп айқын көрсетілген.

Сондықтан бұл заңның сапалы орындалуы бүкіл қоғамға, халықтың көңіл-күйіне тікелей әсер ететіні даусыз. Бір сөзбен айтқанда, ішкі істер органдарының күнделікті атқарып жатқан қызметінің сапасы мен нәтижелілігі арқылы қарапайым адамдар бүкіл биліктің, мемлекеттің жұмысына баға береді. Бұрын халық арасында кең тарап кеткен: «Менің милициям мені қорғайды» деген ұғым болатын. Қазір ол жоқтың қасы. Әрине оның себептері көп. Нарықтық экономикаға көштік. Құндылықтар өзгерді. Заман да, адам да, қоғам да өзгерді, жаңарды. Талап та, талғам да басқа. Милицияның атының өзі де полиция болып өзгерді.

Алайда ішкі істер органдарының жұмысында заман талаптарына сай өзгерістер аз. Олардың жұмыстарында дөрекілік, адам тағдырына деген немқұрайлылық, адамдардың құқықтарын қамтамсыз ету емес, қайта олардың құқығын шектеуге жақын тұратын іс-қимылдар көптеп кездеседі. Бұл полиция қызметкерлеріне деген халықтың, қоғамның сенімін төмендетті. Өткен жылғы ішкі істер органдары арасында өткізілген аттестацияның қорытындысы бойынша 12 мыңнан астам немесе аттестацияға қатысқан қызметкерлердің 17 пайызы сынақтан өтпей қалғанының өзі де біраз нәрсені аңғартады.

Алдағы кезде ішкі істер органдары қызметкерлері өз жұмыстарын заң талаптарына сай түбегейлі өзгертіп, халық сеніміне ие болуға, полиция қызметінің беделін көтеруге жұмыс істеулері керек. Еліміз полиция қызметкерлерінің саны жағынан 100 мың тұрғынға шаққанда дүние жүзі бойынша 6 орында екен. Сан жетеді, бірақ сапа төмен.

Сондықтан кадрлардың сапасын көтеру керек. Ішкі істер органдары қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен қоян-қолтық араласып, тұрғындармен жиі кездесіп, қоғамдық кеңес құрып, олардың алдында есеп беріп, өздерінің жоғары кәсібилігі мен мінсіз қызметтер арқылы көпшіліктің сеніміне ие болулары керек. Бұл іске баршамыз ат салысуымыз керек.

Әсіресе теледидар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы полиция қызметкерлерінің атқарып жатқан жақсы жұмыстарын насихаттап, олардың беделін көтеруге үлес қосуларымыз керек. Әйтпесе соңғы жылдары көбіне бұқаралық ақпарат құралдары оларды тек теріс жағынан көрсетуде. Әрине сын да болу керек шығар, бірақ елімізде қоғамдық тәртіп сақтауда жанқиярлықпен қызмет етіп жатқан полиция қызметкерлері жеткілікті. Неге олар туралы кинофильмдер шығарып, кітаптар жазып, теледидар арқылы насихаттамасқа. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі осы мәселеге тереңірек көңіл бөлулері керек деп ойлаймын.

Елімізде әр 100 мың тұрғынға шаққанда орта есеппен 444 полиция қызметкері келеді екен. Алайда халық тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 185-тен немесе 2,4 есеге аз. Оңтүстік Қазақстан облысында бір учаскелік инспектор 3517 адамға қызмет жасайды екен. Бұл республиканың орта есебінен екі есе жоғары. Соған қарамастан облыстың ішкі істер органы қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен, тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жасап, соңғы жылдары толық жабдықталған 151 учаскелік полиция пункттерін, ондаған жылжымалы полиция пункттерін ашты. Көрсеткіштері де жаман емес. Дегенмен полиция қызметкерлеріне келетін жүктеменің өсуі жұмыстың сапасына әсер ететіні белгілі.

Халық бар жерде проблема бар. Сондықтан алдағы кезде Ішкі істер министрлігі осы мәселені еске алғаны жөн ғой деп ойлаймын. Рақмет.

ТӨРАҒА. Басқа пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма?

ОРНЫНАН. Жоқ.

ТӨРАҒА. Енді салыстырма кестені қараймыз.

1-тармақ бойынша қандай ұсыныстарыңыз бар?

ОРНЫНАН. Қабылдансын.

ТӨРАҒА. 2-тармақ бойынша?

ОРНЫНАН. Қабылдансын.

ТӨРАҒА. Енді осы түзетулерге дауыс берейік.

Дауыс беру режимі қосылсын.

Нәтижесін экранға беріңіздер. «Қатысып отырғандар» - 45 сенатор, «жақтағандар» - 45. Шешім қабылданды.

Мәжіліс мақұлдаған қалған баптарды дауысқа қоямын.

Дауыс беру режимі қосылсын.

Нәтижесін экранға беріңіздер. «Қатысып отырғандар» - 46 сенатор, «жақтағандар» - 46. Шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Сенат енгізген ұсыныстармен Мәжіліске жіберу туралы қаулыға дауыс берейік.

Дауыс беру режимі қосылсын.

Нәтижесін экранға беріңіздер. «Қатысып отырғандар» - 46 сенатор, «жақтағандар» - 46. Шешім қабылданды.

Енді Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бірінші оқылым) мақұлдау жөніндегі Сенат қаулысына дауыс берейік.

Дауыс беру режимі қосылсын.

Нәтижесін экранға беріңіздер. «Қатысып отырғандар» - 44 сенатор, «жақтағандар» - 44. Шешім қабылданды.