Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 Қаулысы (2015.30.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 Қаулысы

(2015.30.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 257 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.16.07. № 209 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн мерзімінде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және»Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

 

 

Төраға

 

Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.