Қазақстан Республикасында аңшы иттерді тіркеу туралы құжат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 наурыздағы № 103 Бұйрығы
ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 160 Бұйрығымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы аң аулау ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында аңшы иттерді тіркеу туралы құжат беру ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Қ.Ш.Мұсабаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық ол алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Хадыркеев |
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының
2007 жылғы 14 наурыздағы
№ 103 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында аңшы иттерді
тіркеу туралы құжат беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында аңшы иттерді тіркеу туралы құжат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесіне сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аң аулайтын алқаптарында аң аулау кезінде пайдаланылатын аңшы иттерді тіркеу туралы құжат беру тәртібін айқындайды.