Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының
банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 477 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 14 наурыздағы № 23 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 Қаулысымен күші жойылды
2006 жылғы үлгідегі жаңа дизайндағы банкноталардың айналысқа енгізілуіне және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы банкноталарының төлемділігін анықтау тәртібін жетілдіруге байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген, 2004 жылғы 10 ақпандағы № 30 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесіне:
27-тармақта «3» деген саннан кейін «, 4, 5, 6, 7, 8, 9» деген сандармен толықтырылсын;