Қызылорда облысында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының XVІ сессиясының 2005 жылғы 19 наурыздағы № 156 шешімі
(2007.02.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. «2004-2006 жылдарға арналған Қызылорда облысының бастауыш кәсіптік білім беруді дамыту бағдарламасын бекіту туралы» 2003 жылғы 20 желтоқсандағы ІІІ сессиясының № 28 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 3620 болып тіркелген), «Облыстың білім беру дамуының 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын бекіту туралы» 2001 жылғы 14 қыркүйектегі VIII сессиясының № 46 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 27 қыркүйектегі № 895 болып тіркелген), «2003-2005 жылдарға арналған аймақтық «Ауыл мектебі» бағдарламасын бекіту туралы» 2003 жылғы 17 маусымдағы ХХ сессиясының № 204 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 24 маусымдағы № 3336 болып тіркелген), «2004-2006 жылдарға арналған облыстағы білім беру жүйесін ақпараттандырудың аймақтық бағдарламасын бекіту туралы» 2004 жылғы 26 наурыздағы V сессиясының № 55 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 3750 болып тіркелген) облыстық Мәслихаттың шешімдері күші жойылды деп танылсын.
Облыстық мәслихаттың ХІV сессиясының
төрағасы
2005 жылғы 19 наурыздағы