Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының
кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері
бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық
кесімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігінің Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы
№ 40 Қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын ретту мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 ж. 22 тамыздағы № 117 Қаулысымен күші жойылды
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.
2. 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының қосымшасындағы 5-тармақтың жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтарын және 6-тармақтың отыз бірінші, отыз екінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Бубеев М.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;