Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы «2007 жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті туралы» № 133/29 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (3 сайланған 30 кезектен тыс сессия).
Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 156/30 шешімі
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 111, 116 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы «2007 жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті туралы» № 133/29 шешіміне (3 сайланған 29 кезекті сессия), (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-1-78 болып тіркелген, 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 7 «Сарыарқа самалы» газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы 1) тармақшасындағы «18258626000» (он сегіз миллиард екі жүз елу сегіз миллион алты жүз жиырма алты мың) сандары «19653226000» (он тоғыз миллиард алты жүз елу үш миллион екі жүз жиырма алты мың) сандарына ауыстырылсын;
«2862832000» (екі миллиард сегіз жүз алпыс екі миллион сегіз жүз отыз екі мың) сандары «3049514000» (үш миллиард қырық тоғыз миллион бес жүз он төрт мың) сандарына ауыстырылсын;
«1881001000» (бір миллиард сегіз жүз сексен бір миллион бір мың) сандары «3088919000» (үш миллиард сексен сегіз миллион тоғыз жүз он тоғыз мың) сандарына ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1 тармағы 2) тармақшасындағы «16408626000» (он алты миллиард төрт жүз сегіз миллион алты жүз жиырма алты мың) сандары «19038184000» (он тоғыз миллиард отыз сегіз миллион бір жүз сексен төрт мың) сандарына ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1 тармағы 3) тармақшасындағы «1850000000» (бір миллиард сегіз жүз елу миллион) сандары «615042000» (алты жүз он бес миллион қырық екі мың) сандарына ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1 тармағы 6) тармақшасындағы «1804000000» (бір миллиард сегіз жүз төрт миллион) сандары «569042000» (бес жүз алпыс тоғыз миллион қырық екі мың) сандарына ауыстырылсын;