Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары тұрғын үй құрылысын
дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған тұрғын үйлерді
тарату және құжаттарды қарау үшін комиссия құру туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәурдегі № 3/503 қаулысы
2004 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған тұрғын үйді Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесін бекіту туралы» № 923 қаулысы мен 2007 жылдың 12 сәуіріндегі Алматы қаласы әкімдігінің «Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдары тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын Алматы қаласы бойынша жүзеге асыру кезінде анықталған жөнсіздіктерді жою шаралары туралы» № 3/479 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлерді тарату және құжаттарды қарау үшін қосымшаға сәйкес құрамда комиссия (әрі қарай мәтін бойынша - «Комиссия»), құрылсын.
2. Комиссия жұмысының барысында 2004 жылдың 1 қыркүйегінде бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған тұргын үйлерді Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесін бекіту туралы» № 923 қаулысын қатаң түрде басшылыққа алсын.