Тәлімгерлік туралы Ереже (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 73 өкімімен Бекітілді)

Қазақстан Республикасы 

 Жоғарғы Сот Төрағасының 

2007 жылғы 29 наурыздағы № 73

өкімімен Бекітілді

 

Тәлімгерлік туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ереже

 

1.Тәлімгерлік - бұл  алғаш рет тағайындалып отырған судьяның білікті заңгер ретінде қалыптасу процесіне ықпал етіп,  кәсібилігін арттыру нысаны.

2.Тәлімгерлік сот жұмысында үш жылға дейінгі өтілі бар алғаш рет тағайындалған судьялар үшін міндетті тәртіпте жүзеге асырылады.

 

 

2. Тәлімгерліктің мақсаттары мен міндеттері

 

3. Тәлімгерліктің мақсаты алғаш рет тағайындалған судьялардың біліктілігін арттыру мен сот дағдыларын жинақтауда, сондай-ақ олардың кәсіби қызметтерін жетілдіруде көрсетілетін көмек болып табылады.

4. Алғаш рет тағайындалған судьяға көмек көрсетудегі тәлімгерліктің  міндеті:

1) теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану;

2) тәжірибелі судьяның жетекшілігімен сот жұмысының тәжірибесін жинақтау;

3) істерді қараудың, сот процестерін жүргізудің, іс жүргізу құжаттарын жасаудың кәсіби техникасын меңгеру;

4) сот төрелігін сапалы жүзеге асыру үшін қажетті білімдер мен ақпараттарды алу;

5) біліктілікті арттыру, шығармашылық мүмкіндіктерді дамыту талаптарын өз бетімен үздіксіз қалыптастыру болып табылады.

 

 

3. Тәлімгерлікті ұйымдастыру

 

5. Облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі-облыстық соттың) төрағасы тәлімгерлікті қызметке алғаш рет тағайындалып отырған судьяға оның заңгер мамандығы бойынша бұрынғы істеген жұмыс өтілі мен кәсіби дайындық деңгейін ескере отырып, бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге белгілейді.

6. Аймақ бойынша тәлімгерлердің құрамы облыстық сот төрағасының өкімімен бекітіледі, аудандық және оларға теңестірілген соттарға (бұдан әрі-аудандық сот) хабарланады. Тәлімгерлердің бекітілген құрамы жаңартылуы және толықтырылуы мүмкін.

7. Тәлімгерлер аудандық соттардағы сот жұмысының өтілі бес жылдан кем емес, жұмысында жақсы көрсеткіштері бар жоғары кәсіби сапаға ие болған, ұжымда беделді, біршама тәжірибелі судьялар арасынан іріктеліп алынады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.