«Алматы қаласының 2006 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 330 шешімі

«Алматы қаласының 2006 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы»
Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 330 шешімі

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабы 4-тармағынын 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Занының 6-бабына сәйкес, 2006 жылға арналған қала бюджетінің орындалуы туралы есепті тындап, III сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. 2006 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінің орындалуы туралы есеп қосымшаға сәйкес келесі мөлшерлерде бекітілсін:

1) түсімдер - 156364674 мың теңге, сонымен қатар:

салықтық түсімдер - 107490345 мың теңге;

салықтан тыс түсімдер - 1271480 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15371026 мың теңге;

ресми  трансферттердін түсімдері - 32231822 мың теңге.

2) шығындар - 156197739 мың теңге;

3) операциялық сальдо - 166935 мың теңге;

4) таза бюджеттік несиелендіру - 180833 мың тенге, сонымен қатар:

бюджет несиелерін өтеу - 180833 мың теңге.

5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо -467057 мың теңге, сонымен қатар:

қаржы активтерін сатып алу - 892195 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер -1359252 мың теңге.

6) бюджет тапшылығы (профициті) - 814825 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру - 814825 мың теңге, сонымен қатар:

қарыздардың түсуі - 6194900 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 2324435 мың теңге.

бюджет қаржысы калдығынын козғалысы - 4685290 мың теңге.

2. Есеп «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жариялансын.

 

III сайланған Алматы қаласыМәслихаты XXIX сессиясының төрағасы, Мәслихат хатшысы

 

Т. Мұқашев

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.