(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

«2007 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы»
ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының
2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 303 шешімі

(2007.15.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 ж. 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ІІІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты шешім етті:

ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІІ сессиясының 2007.15.01. № 324 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Алматы қаласының 2007 жылға арналған бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай мөлшерде бекітілсін:

1) кірістер - 184 534 696 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 122 368 939 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 1 924 712 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 090 000 мың теңге;

республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - 46 151 045 мың теңге;

2) шығындар - 192 022 437 мың теңге;

3) операциялық сальдо - - 7 487 741 мың теңге;

4) таза бюджеттік кредит беру - - 1 354 256 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 354 256 мың теңге;

5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - - 303 430 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 458 663 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 762 093 мың теңге;

6) бюджет тапшылығы - - 5 830 055 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 5 830 055 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі - 6 544 900 мың теңге;

қарызды өтеу - 6 792 395 мың теңге;

бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 6 077 550 мың теңге.

2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен түсімдер есебінен құралады деп белгіленсін:

-жеке табыс салығынан;

-әлеуметтік салықтан;

-заңды және жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салықтардан;

-жер салығынан;

-бірыңғай жер салығынан;

-заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтардан;

-Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өнімдеріне (оның ішінде араққа, ликер-арақ бұйымдарына, шарапқа, коньякқа, шампан шараптарына, сыраға, күшейтілген сусындарға) берілген акциздерден;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.