«Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 195 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 3 сәуірдегі № 103 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы
25 сәуірдегі № 195 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 3 сәуірдегі № 103 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 Бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1135 тіркелген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1483 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 146 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің ережесінде:

бүкіл мәтін бойынша:

«шығыстардың сметасын», «шығыстардың сметасы», «шығыстардың сметасымен», «шығыстар сметасы» деген сөздер «қаржыландыру жоспарын», «қаржыландыру жоспары», «қаржыландыру жоспарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

«ақылы қызмет көрсетулерді» деген сөздер «тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«депозиттік сома» деген сөздер «жеке және заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасы» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақта «және қолма-қол ақшаны есеп айырысуда пайдаланудың шекті сомасын» деген сөздер «, сондай-ақ, қолма-қол ақшаның сақталуын және кассалық тәртіптің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге қажет талаптарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ стипендиялар, жеке тұлғаларға төлемдер төлеу жөніндегі кассасы арқылы кассалық операцияларды жүзеге асыру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

төлем карточкасын жасау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.