«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті электрондық тасымалдауыштарда ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы № 27 Қаулысы (2009.25.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті электрондық тасымалдауыштарда ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2007 жылғы 19 наурыздағы № 27 Қаулысы

(2009.25.05. берілген өзгерістермен)

 

2011 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен күші жойылды

 

Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті электрондық тасымалдауыштарда ұсыну мәселелері бойынша осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, зейнетақы жинақтаушы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.