«2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2006 жылғы 5 желтоқсандағы № 20/304-ІІІ шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы III шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының XXІ сессиясының 2007 жылғы 3 ақпандағы № 21/330-III шешімі (күші жойылды)

«2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2006 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 20/304-ІІІ шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
III шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының XXІ
сессиясының 2007 жылғы 3 ақпандағы № 21/330-III шешімі

 

Қолдану мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 115-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына сәйкес облыстық мәслихаты шешім қабылдады:

1. «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 5 желтоқсандағы № 20/304-ІІІ (тіркеу нөмірі 2434, «Рудный Алтай» газетінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 200-201, «Дидар» газетінің 2007 жылғы 6 қаңтардағы № 1 сандарында жарияланды) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. 2007 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 68726510,8 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 18135515 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 276885 мың теңге;

трансферттер түсімі - 50314110,8 мың теңге;

2) шығындар - 70090116,8 мың теңге;

3) операциялық сальдо - - 1363606 мың теңге;

4) таза бюджеттік кредит беру - -1941516 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 992000 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 2933516 мың теңге;

5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0:

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

6) бюджет тапшылығы (профициті) - 577910 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - -577910 мың теңге.";

2) 8-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші - елу бесінші абзацтармен толықтырылсын:

"жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға 321483 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.