«2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2006 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 20/304-ІІІ шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының XXII сессиясының 2007 жылғы
10 сәуірдегі № 22/342-III шешімі
Қолдану мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 115-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 және 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 1230 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 176 қаулысына сәйкес облыстық мәслихат шешім қабылдады:
1. «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 5 желтоқсандағы № 20/304-ІІІ (тіркеу нөмірі 2434, «Рудный Алтай» газетінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 200-201, «Дидар» газетінің 2007 жылғы 6 қаңтардағы № 1 сандарында жарияланды, «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2006 жылғы 5 желтоқсандағы № 20/304-ІІІ, тіркеу нөмірі 2440 шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 3 ақпандағы № 21/330-ІІІ шешіммен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен, «Рудный Алтай» газетінің 2007 жылғы 20 ақпандағы № 26, «Дидар» газетінің 2007 жылғы 17 ақпандағы № 16-17 сандарында жарияланды) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2007 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 69613001,8 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 18833329 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 465562 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 50314110,8 мың теңге;
2) шығыстар - 70821007,8 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -1208006 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - -1941516 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 992000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2933516 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 155600:
қаржы активтерін сатып алу - 155600;