«Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың
(комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының
қазақстандық бөлігінің тең төрағаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 215 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 10 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының қазақстандық бөлігінің тең төрағаларының құрамы бекітілсін.
2. «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының қазақстандық бөлігінің тең төрағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 373 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 17, 158-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.