«Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы
1 желтоқсандағы № 424 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі
№ 108 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 Бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 424 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3293 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. тамыз, № 17, 135-құжат, 2005 ж. қыркүйек, № 18, 144-құжат, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 341 бұйрығымен өзгерістер енгізілді, «Заң» газетінде 2005 жылғы 4 қарашада № 152 (766) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабының 14) тармақшасына және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесінде:
1-тармақта «есептілігінің» деген сөзден кейін «көлемі,» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші абзацта «және Аумақтық қазынашылық органында сақталатын есептіліктің данасына» деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацтың екінші сөйлемі алынып тасталсын;
2-бөлімнің атауында «нысандарының» деген сөз алынып тасталсын;
12-тармақта:
бірінші абзацта «нысандарының» деген сөз алынып тасталсын;
алтыншы абзацта «депозит қаражаттары» деген сөздер «жеке немесе заңды тұлға оларды қайтару шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақша» деген сөздермен ауыстырылсын;